ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Бизнес мектебі ашылды

21:13, 9 наурыз 2017

Енді оқушылар кәсіп ашудың қыр-сырын меңгеретін болады.

Бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы колледжде бизнес мектебі ашылды. Мектептің ашылуына облыстық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болды. Мұндай курс алғаш рет Ақтөбе политехникалық колледжде ашылған болатын.

Колледж түлектерінің дипломмен бірге бизнесті жүргізу бойынша білім алып шығатыны қуанышты. Мектептің мақсаты - кәсіпкерлік негіздерін үйрету. Аптасына үш рет палатаның бизнес-жаттықтырушылары мен белгілі кәсіпкерлер келіп 40 минут сабақ өткізеді. Оқушылар бизнес-жоспардың жасалу жолдарын, қаржылық сауаттылық, кәсіп ашу тетіктерін меңгеретін болады. Әр оқушы сабақтан тыс уақытта дәріске қатыса алады. Қазірдің өзінде мектепке жазылып, қызығушылық танытып отырған 30 оқушы бар дейді мамандар.

ӘСЕЛ ӘБІЛОВА, С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ОҚУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сақтаған Бәйішев атындағы коллдежде 2 мыңға жуық оқушы 15 мамандық бойынша білім алады. Жыл сайын түлектердің 80 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылады.  Бизнес мектебінің ашылу салтанатына қатысқан 3 курс оқушысы Аяжан Нұрмұханова болашақта кәсіпкер болуды көздейді. Ол үшін көбірек оқып, сауатты болу керек дейді Аяжан.

АЯЖАН НҰРМҰХАНОВА, С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУШЫСЫ

Мамандардың айтуынша, кез-келген колледж кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес мектебін аша алады. Ол үшін бүгін кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...