ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Болашақ кәсіпкерлерге арналған шеберлік сағаты өтті

20:24, 3 ақпан 2017

Кәсібін бастаймын деушілерге қазір мүмкіндік мол.

Мәселен, екі немесе үш күндік тегін оқу-семинарлары бар. Бүгін Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының және "Атамекен" облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары бірлесіп шеберлік сыныбын өткізді.

Мамандардың айтуынша, кәсіпті бастау үшін ең алдымен арнайы шеберлік сағатынан өткен тиімді. Қазір бизнеспен айналысамын деушілерге мемлекеттен қолдау бар. Мәселен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант береді. Грант наурыз, сәуір айларында беріледі деп жоспарлануда. Бұдан өзге, "Жас старт" деген бағдарлама жұмыс істейді. Оған 29 жасқа толмаған әрбір белсенді азамат қатыса алады.

ЖӘНІБЕК ҚҰДАШОВ, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ МАМАНЫ

Шеберлік класында мамандар колледж оқушыларына кәсіпкерлікті ашу және тиімді жүргізу, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспардың жасалу жолдарын түсіндірді. Ал, жастар мұндай кездесулердің тиімді екенін айтады.

СЫРҒАЛЫМ ҚЫРАУТАЕВА, АҚТӨБЕ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Мұндай шаралар оқу ордасында жиі өтеді. Бүгінде колледжде 15 мамандық бойынша 2046 оқушы білім алады. Оның 565-і биылғы түлектер. Оқу ордасы 24 әлеуметтік серіктестікпен байланыс орнатқан. Жыл сайын түлектердің 75 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:04, 7 қараша 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
21:03, 7 қараша 2019
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...