ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

"Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасы мен Қ.Жұбанов атындағы университет меморандум бекітті

16:25, 14 шілде 2017

Маңызды құжат аясында келелі істер жасалмақ.

«Қазақстан-Ақтөбе»  телеарнасына  келген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  ректоры Бауыржан Ердембеков алдымен телеарнаның  техникалық және шығармашылық әлеуетімен танысты. Ұжым қызметкерлерімен кездесіп, өзара пікір алмасты.  Алдағы уақытта  телеарна мен жоғары оқу орнының ұжымы бірлесіп, бірнеше жобаны жүзеге асыратын болды. Университеттегі қазақ-орыс филология факультеттеріне журналистика мамандығы қосымша енгізіледі. Бөлім студенттері телеарнадан тәжірибеден өтпекші.

БАУЫРЖАН ЕРДЕМБЕКОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

- "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасының филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл филиал студенттеріміздің ертеңгі ұшталуына, болашақта біздің университетімізде ғана емес, жалпы жастардың көзқарастары,  барлығы қамтылатын хабарлар, бағдарламалар осы филиал арқылы елге жетіп жатса деген мақсат  бар.

Кездесу барысында екі тарап басшысы әріптестік меморандумға қол қойды. Келісілген шарт бойынша мемлекеттік міндетті бағдарламалар алдағы уақытта  бірлесе насихатталатын болады. 

10 мыңнан аса студент білім алып жүрген оқу ордасының телеарнасымен байланысы одан әрі беки түседі.  Университет басшылығы мен «Қазақстан-Ақтөбе» арнасының арасындағы әріптестік байланыс алдымен студенттер үшін мол мүмкіндік. Тәжірибе жинайды, шыңдалады және журналист мамандығын игереді.  

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...