ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді

20:08, 18 қазан 2017

Бүгін Қобда ауданында жаңа мектеп ашылды. Бұрын бейімделген ғимаратта оқып келген оқушылар енді жаңа білім ордасына қол жеткізді. Ғимараттың пайдалануға берілуі 320 оқушының білім алуына, 43-ке жуық мұғалімнің жұмыспен қамтылуына жол ашты. Бұдан бөлек, Қобда ауылында "Отан-Ана" және "Мәңгілік ел" саябақтары жаңғырды. Мұнда өңір басшысы аудан әкімдерімен бірге, ағаш отырғызды.

Бүгінгі күн - Қобда ауылының тұрғындары үшін жаңа ғимараттың бой көтеруімен есте қалмақ. Тарихи сәттің куәгері болған оқушылар мен ата-аналардың қуанышын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бөлісті.

Айтып өтейік, бұл облыста ашылып отырған 25 мектептің 11-шісі. Жыл соңына дейін тағы төртеуі пайдалануға беріледі.

Мектеп-гимназия құрылысын жүргізген "Тараз Сәулет" серіктестігі шара барысында білім ұясының директорына кілтті табыстады. Содан соң, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар салтанатты түрде лентаны қиды.  320 орынға арналған білім ордасының құрылыс жұмыстарына жалпы құны 760 миллион теңге жұмсалған.

Заманауи техникалық құрылғылармен, компьютерлермен жабдықталған мектепте оқушылардың сапалы білім алуы, спортьпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Үш қабатты ғимаратта спорттық зал, мәжіліс залы, кітапхана, оқу кабинеттері, медиатехника, қысқы бақ, демалыс алаңы бар. Осыған дейін Қобда ауылының 314 оқушысы бейімделген ғимаратта үш ауысыммен оқып келді. Енді бұл мәселе шешімін тапты.

Қобдаға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аудан орталығында жаңғыртылған екі саябақты көрді. "Отан ана" саябағында бірнеше тақырыптық ескерткіштер, мүсіндер орнатылған. Олардың бірі Қобданың қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы ұлықтауға, ұрпаққа мирас етуге арналған алаң. Бұл жерде осы күзде мерген қыздың биіктігі 4 метрлік ескерткіші орнатылады. Ал екінші парк "Мәңгілік ел" саябағы тарихымыздың өшпес тұстарын айшықтай түседі. Мұнда Ұлы Отан соғысынан оралмаған 3,5 мың қобдалықтың есімдері және саяси қуғын-сүргін құрбаны болған 300 адамның есімдері тасқа қашап жазылған. Саябақтың жалпы ауданы 13,8 мың шаршы метр. Рәміздер алаңында бой көтерген 21 метрлік көк ту желбіреп, алыстан көз тартады. "Мәңгілік ел" саябағына өңір басшысы аудан әкімдерімен бірге ағаш отырғызды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...
ҰБТ тапсыра алмаған түлектерді қолдау шарасы
17:37, 3 тамыз 2017
ҰБТ тапсыра алмаған түлектерді қолдау шарасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...