ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Жаңа оқу жылындағы елеулі өзгерістер

16:14, 28 шілде 2017

Енді, бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады.

Мектеп формасы мен оқулықтар мәселесі ата-аналардың бас ауруына айналары сөзсіз. Әрі биылғы оқу жылына оқушылар бірыңғай мектеп формасымен барады. Ал, кейбір класс оқушылары үшін жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі.

2017-2018 жылдың оқу жылында бірінші және екінші класс оқушылары үшін өткен жылғы мектеп формаларының түсі мен моделі сақталады. Яғни ер балалар пиджак, қою жасыл түсті кеудеше, шалбар және галстук киеді. Ал, қыз балалар үшін тор көзді пиджак, кеудеше, сарафан, белдемше және галстук қалады. Қазір барлық мектепте бірыңғай форманың үлгісі ілініп тұр. Жаңа оқу жылында біркелкі форма төртінші сынып оқушылары үшін де белгіленбек. Десе де, мектеп киімі стиліне қатысты әр білім ордасы өз таңдауын жасауына болады. Бүгінгі күні №21, 51, 55 және Жаңақоныс орта мектебінің оқушыларына арналған бірыңғай форма дайын. Ата-аналар оны арнайы тапсырыспен  немесе дайын түрде сатып алуына болады.

ГҮЛНАЗ  МЫРЗАҒАЛИЕВА,ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

- Бүгінгі таңда "Нұрдәулет" сауда орталығында, Орталық базар мен "Алтай" сауда үйінде мектеп формалары сатылымға шығарылады

Жаңа оқу жылында барлық оқушы мектеп оқулықтарымен қамтылады. Бірінші сыныптағылар үшін кейбір кітаптарға тапсырыс берілді.  2, 5 және 7 класс  оқушылары жаңа бағдарламамен оқитын болады. Оқулықтар жуық арада кітапханаларға таратылады. Бұл мақсатта 708 мың теңге жұмсалды. 

ГҮЛНАЗ  МЫРЗАҒАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

- Тамыз айынан бастап келген оқулықтар барлық мектептерге таратылады. Әлеуметтік желіде оқулықтардың жетпей қалуы мүмкін деп айтылып жүрген әңгімені жоққа шығарамын. Оқулықтар барлық оқушыға жететіндей мүмкіндік жасаймыз.

Қала бойынша биыл 69 541 оқушы үшін жаңа оқу жылы басталады. Сегіз жарым мыңы - мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бірінші сынып оқушылары.

Райгүл Еншібайқызы, Аманжол Айтмағамбетов

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...