Ойылда дарынды бала түйе шаруашылығын зерттеп жүр

Алтыншы класта оқитын Олжас "Зерде" республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды. Тағы үш оқушы пәндік олимпиадалардың жүлделі орындарын иеленді. Барлығы – Ойыл қазақ орта мектебінің оқушылары.

19:38, 20 сәуір 2017   342

11 жасар Олжас Жәрдемов, биылғы "Зерде" республикалық байқауына қатысып, бірінші орын иеленген ақтөбелік оқушылардың бірі. Наурызда өткен сайыста "Түйе шаруашылығын дамытудағы жаңашылдықтар" тақырыбындағы жобасы үздік деп табылды. Бұл екі жылғы еңбектің жемісі. Осы уақыт аралығында Олжас өзінің мұғалімдерімен бірге түйе өсіріп, одан өнім алып отырған бірқатар шаруашылықтарды барып көрді. Зеңгі баба малын Ойыл ауданында көбейтуге, дамытуға толық мүмкіндік бар дейді талапты бала.  

ОЛЖАС ЖӘРДЕМОВ, ОЙЫЛ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Байқауда жеңімпаз атанып, І дәрежелі диплом мен алғыс хат иеленген Олжас, бұған дейін де талай білім сайыстарында топ жарды. Жас дарын иесі – өз қатарына үлгі болса, ұстаздарының мақтанышы.

ЗИНА БАҚЫТЖАНОВА, ОЙЫЛ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Білім додаларында жүлделі орындарды иеленіп, ауданның атын алысқа шығарып жүрген оқушылар бұл мектепте баршылық. Тек биылдың өзінде бірнеше шәкірт, физика, математика, орыс тілі пәндерінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздары атанған. Іргедегі орман шаруашылығында үйеңкі талынан емдік қасиеті мол шырын алуға болатынын ғылыми тұрғыда дәлелдеген балалар да бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44