Оқу ордасындағы кездесу

Елбасының "болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын түсіндіру мақсатында облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ұжымымен және студенттерімен кездесті. "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі" тақырыбында дәріс оқыды.

20:17, 19 сәуір 2017   345

Іс-шара университеттің оқытушылары мен студенттеріне еліміздің сот жүйесі туралы дайындалған "Қазақстанның сот реформасы: кеше, бүгін, ертең" деректі фильмін көрсетуден бастау алды. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай, Елбасының "болашаққа бағдар, рухани жаңғыру" атты жуырда жарияланған бағдарламалық мақаласының маңыздылығына тоқталып өтті.   

МҰРАТҒАЛИ ӘКЕТАЙ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Кездесу барысында, облыстық соттың төрағасы еліміздегі "сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі" туралы да дәріс оқыды. Сот төрелігін сапалы атқаруда бұрын соңды болмаған ауқымды шаралар мен жеткен  жетістіктерді атап өтті. Бұл ретте, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілген міндеттерді айтып, оны орындауда облыс судьялары іске кіріскенін жеткізді. Нәтижесінде, өңірдегі соттар өткен жылдың қортындысы бойынша 16 орыннан бесінші орынға көтерілген. Мұратғали Әкетай өз сөзінде, былтырдан бастап, сот жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын да атап өтті. Судьяларды даярлау мен іріктеу жөніндегі талаптардың күшейтілуі, үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процесстік Кодекс, Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша алқаның құрылуы және басқа да бірқатар жаңашылдықтар Ұлт Жоспарын іске асырудың нақты шаралары деді. Облыстық соттарда судьялыққа үміткерлерге қорытынды баға беретін, құрамында отставкадағы судьялар, еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері кіретін өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестер құрылды.

Елбасының тапсырмасы аясында, Жоғарғы Сот жанындағы судья кадрларын дайындайтын жоғарғы оқу орны  - Сот төрелігі Академиясы ашылды.

МҰРАТҒАЛИ ӘКЕТАЙ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мамидің қамқорлығының арқасында Академияға 4 бірдей сот мәжілісінің хатшысы жерлестеріміз түсіп, оқуларын ойдағыдай жалғастыруда/ Тергеу судьясы институты енгізілді,судьялардың мінез-құлық ережелерін белгілейтін жаңа Судья Әдебі Кодексі қабылданды.

Жоғарғы Соттың кешенді жұмысының арқасында сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологиялар қолданыла бастады. Сот кабинеті сервисі, сот мәжілісі залдарында үн-бейне жазба қондырғылары, бейнеконференц байланыс орнатылды.  

МҰРАТҒАЛИ ӘКЕТАЙ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

- Медиация Сот жүйесінде орын алып жатқан оң жаңашылдықтар Елбасымыздың судьяларға, жалпы сот жүйесіне деген жоғарғы сенімі мен ерекше қамқорлығының белгісі.

Университет ұжымы және студенттермен кездескен облыстық сот төрағасы, олардың бірқатар сұрақтарына да толыққанды жауап берді. Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша студенттер мен оқытушылар облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетайға мазмұнды дәріс оқығаны үшін зор алғыстарын  білдірді.

БАУЫРЖАН ЕРДЕМБЕКОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Әнуарбек Мырзатайұлы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44