ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҰБТ тапсыра алмаған түлектерді қолдау шарасы

17:37, 3 тамыз 2017

Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде шекті балл жинай алмаған түлектерді қолдау.

"Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өткен ашық есік күнінің мақсаты осы. Шарада тегін кәсіптік білім беру және ондағы жеңілдіктер туралы кеңінен түсіндірілді. Айтып өтейік, тегін білім алуға ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған түлектердің де мүмкіндігі бар.

Ашық есік күні "Сәтті қадам" партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба үш бағытқа бөлінген. Біріншісі - жас мамандарды Астана және Алматы қалаларында тәжірибеден өткізуге бағытталған. Екінші бағыты жетім санатындағы жоғары оқу орны мен колледж түлектерін жұмыспен қамтуды көздейді. Ал үшінші бағытта - ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті балл жинай алмаған түлектерді әрі қарай оқуға түсіруді мақсат еткен. .

Өткен жылы 890 мектеп түлегі білім сынағын тапсырған жоқ. Биыл ол 1689-ды құрап отыр. Сондай-ақ, 753 мектеп бітіргендер шекті баллды еңсере алмады. Соның бірі - №38 мектептің түлегі Ақнұр Тасболатова. Бойжеткен сынақтан өте алмағаным толқыныс пен бойдағы үрейді жеңе алмауымнан дейді. Ашық есік күніне Ақнұр болашақтағы мамандығын мамандармен бірге таңдауға келіпті.

Ұлағат Арғынұлы, Аманжол Айтмағанбетов

 

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар