ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Жаңа кітап жарық көрді

18:31, 18 қазан 2017

Бүгін философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының "Дін және діндарлық" атты кітабының тұсаукесері өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің жаңа туындысы көпшілік аудиторияға арналған. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен шараға ғалымның әріптестері мен студенттері қатысты.

Жаңа кітапта қазіргі әлем мен Қазақстандағы дін және діндарлық мәселелері айтылған. Әсіресе, қазақ қоғамының дінге оралуы, бүгінгі көрінісі толық баяндалады. Университет ғалымдарының айтуынша, бұл еңбек дінтану, дін социологиясы мен педагогика пәндерінің оқытушылары және магистранттары үшін өте құнды. Әрі қалың оқырман үшін де түсінікті етіп жазылған. Еңбек авторының өзі Амангелді Айталы бұл туындыны жарыққа шығару жолында біраз тер төккенін айтады. 

Жаңа кітап, мемлекет және қоғам қайраткерінің алғашқы туындысы емес. Ғылыми зерттеулер негізіндегі еңбектері көпшілікке жақсы таныс. Ал, бұл жолғы шығармасы дін саласында бағыт беретін үлкен еңбектің бірі болары анық дейді оқытушы-ғалымдар.

Тұсаукесер рәсімі, бүгінгі рухани келісім күніне орай ұйымдастырылды. Ал, кез-келген жаңа туындыны көпшілікке таныстыру шарасын өткізу, бұл университетте дәстүрге айналған.

Әнуарбек Мырзатайұлы¤

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...
ҰБТ тапсыра алмаған түлектерді қолдау шарасы
17:37, 3 тамыз 2017
ҰБТ тапсыра алмаған түлектерді қолдау шарасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...