ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесі талқыланды

13:24, 10 мамыр 2017

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті.

"Білімнің салтанат құруы: мәңгілік ел жастары - индустрияға!" деп аталған шараға Елбасы мақаласы өзек болды. Онда жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, қоғамдық ұйымдар ашу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бүгінде университетте 10 мыңға жуық студент білім алуда. Оның 412-сі "Серпін" бағдарламасы бойынша Алматы қаласынан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келіп, оқып жатыр.

МӨЛДІР ЖЕТКІЗГЕНОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ СТУДЕНТІ

Университетте студенттерге бар жағдай жасалған. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы, 27 қоғамдық бірлестік пен 25 спорттық секция жұмыс істейді. Ректордың айтуынша, биыл 500 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Әрі тамыз айында университет жанынан технопарк ашылады. Ал, келер жылы 100-ге жуық студент шетелде білім алмақ. Айтып өтейік, биыл 2262 түлек оқу ордасын бітіріп шығады. 

Тақырып бойынша материалдар

Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
20:08, 18 қазан 2017
Қобда ауылында 320 орындық мектеп бой көтерді
Толығырақ...
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
18:01, 14 тамыз 2017
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
18:15, 13 қараша 2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...