ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

5 маусымдағы лаңкестік оқиғаға қатысты сот ісі басталды

20:48, 18 қазан 2016

Бүгін Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестікке қатысты 29 адамның сот ісі басталды. Алдын ала тыңдаулар Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтті.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Жан-жақтан қаруланған күзет. Қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда. Бүгін 5 маусымда орын алған лаңкестік оқиға бойынша сот ісі басталды. Алдын ала тыңдау ашық түрде өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін интернет желісіне қосылған құрылғылар, лэд-экран, куәгерлер, қорғаушылар үшін заң шеңберінде барлық мүмкіндік бар. Ал қамауда отырған күдіктілер үшін сот ғимаратында барлық  жағдай жасалған. 20 бейнебақылау камерасы орнатылған.

ИЛЛИАДА ДОСОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Сот алдында 29 адам, оның 9-ы лаңкестік әрекетке қатысы бар деп айыпталуда. Ал 18-і жоспарланған қылмысты хабарламағандығы, екеуі қылмысты жасырғандығы жөнінде айыпталып отыр. Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Қылмыстық іс бойынша  215 түрлі сараптаулар және 26 тергеу жүргізілді. 27 адвокат сотталушылардың мүддесін қорғауда. Барлық істі бастан-аяқ судья Нұрлан Сұлтанов қарайтын болады. Сот отырысы мемлекеттік тілде жүргізілді.

НҰРЛАН СҰЛТАНОВ, СУДЬЯ

АХМЕТ МОЛДАҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

- Алдын ала тыңдау барысында әдетте сот ісінің бұдан әрі қалай өтетіні белгіленеді. Бұл жолы барлық микрофондарды сөндіріп тастағанымыздың себебі де осы. Сот ісін жабық түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

Сотқа куәгер ретінде 48  адам және зардап шеккен 88 адам шақырылды. Естеріңізге салып өтейік, биыл маусымның 5-інде Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды. Алты күнге созылған арнайы операцияда 18 күдіктінің көзі жойылып, бірнешеуі тұтқындаллған болатын. Осы қандықол қарақшылардың іс-әрекеті бейбіт тұрғындардың үрейін ұшырды. Бейбіт жатқан өңірдің тыныштығын бұзды. Ынтымақ пен бірлікті қалайтын тұрғындар лаңкестікке қатысы барлар заң алдында тиісті жазасын алатынына сенімді.

Гүлбағда Қайратқызы     

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...