7 жасар қызды аяусыз сабаған ерлі-зайыпты мұнарадан секіріп өлді

7 жасар өгей қызын өлімші етіп сабаған әйел мен қыздың туған әкесі өз-өздеріне қол жұмсады. Қурайлы ауылындағы биік мұнарадан секірген ерлі-зайыптылар бірден оқиға орнында көз жұмды.

20:41, 16 мамыр 2017   331

Кеше сағат 15:50 -де 102 телефонына қала іргесіндегі  Қурайлы ауылындағы мұнараға шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екі адамға қатысты хабар түскен. Оқиға орнына жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетеді. Екі сағат бойы келісімге келе алмаған екеуі мұнараның басынан секірген. Олар сол жерде тіл тартпай кетті.  

Ерлі-зайыптыларға қатысты 7 жасар қыздарын өлімші етіп сабады деген айып тағылды. Тергеу амалдары басталған еді.  Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде Кристина есімді бүлдіршінді өгей шешесінің аяусыз соққыға жыққаны жөнінде хабар тарады. Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға туралы полицияға Қурайлының тұрғындары хабарлаған. Учаскелік инспектор ақпарат түскен бойда Қурайлыдағы берекесіз отбасы тұратын үйді тексеріп, шкаф ішінен ес-түссіз күйінде жатқан қыз баланы тауып алады. Бет-аузы көгеріп, көзінің айналасы іскен, денесінде де жарақаттар бар. Ол бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кристинаның қазіргі жағдайы бір қалыпты дейді дәрігерлер.

САМАТ КӨКШІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГІ

Қызды өзінің туған анасы кішкентай кезінде тастап кеткен. Жетімдер үйінде тәрбиеленген бүлдіршінді үш жыл бұрын әкесі Владимир өз қарауына алады.

КРИСТИНА ШУСТЕР

- Владимир туған әкем, ал Әсел өгей шешем. Олар маған еш себепсіз тисетін. Белбеумен сабап, жұдырықтап ұрады. Өгей шешем мені ұрған кезде әкем ешқашан мені қорғамайды. Мен өзімді жақсы көретін адамдармен бірге тұрғым келеді.

Райгүл Еншібайқызы 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44