ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақпараттық жүйенің тиімділігі артты

20:55, 3 қараша 2016

Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Бас прокуратураның бұл жүйесі бүгін 10 айды қорытындылады.

Бас прокуратураның ақпараттық жүйесі құқықтық статистика бойынша мол мәліметті қамтиды. Яғни бірнеше бағыт бойынша мұнда арнайы карта бар. Интернет-портал еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді. "Айқын", "Шектеу" және "Бизнес тірегі" атты ақпараттық жүйелері жұмыс жасап тұр. Жүйе алдымен жергілікті полиция қызметінің, одан кейін тұрғындардың жұмысын жеделдетеді.

АҚЫЛ ҚАРПЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кәсіпкерлер әкімшілік кедергілерге тап боламыз, қадағалау органдары тарапынан жоспарсыз тексерулер көп деп жиі шағымданады. Заңсыз тексерулердің алдын алу мақсатында қолға алынған «Бизнес тірегі» жобасы бойынша прокуратура 5 кәсіпкердің құқығын қорғаған. Өзге де салалардағы тексеру ісінің заңдылығын сервис.правстат.кз сайты арқылы бақылауға болады. Егер, тексеруші органдар заң бұзса, осы портал арқылы  хабарлауға мүмкіндік бар. Осындай шағымдарға облыстық прокуратура жанындағы жедел топ тез арада жауап беріп, тиісті шаралар қолданады.

АҚЫЛ ҚАРПЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қылмыс, жол апаттары көрсеткішінің картасы жөніндегі интернет-портал да нәтижесін беруде. Жүйені құру туралы Елбасы өзінің 100 нақты қадам-ұлт жоспарында тапсырған болатын. Соңғы 10 айда жол-көлік апатының саны 663-тен 565 ке қысқарған. Сондай-ақ, жол-көлік апатынан зардап шеккендер мен өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...