ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"Ақтөбе" ФК қаржысын талан-таражға салғандарға сот үкімі шықты

19:48, 26 мамыр 2017

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевке 8 жыл, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкіміне сай, олардың жеке мүлкі тәркіленді. Сотталушылар жергілікті футбол клубынан жымқырған 240 миллион теңгені бірлесіп өтейді. Естеріңізге салып өтейік, Ескендірбек Маханов Атырау мен Венгрияға футбол клубы есебінен іссапарға барып, 94 миллион теңге залал келтіреді. Бұдан бөлек, Маханов Васильевке клубтың директорлар кеңесі бекіткен 350 мың теңге жалақының орнына төрт миллион теңге төлеп, заңсыз келісімшарт жасасады. Ал бұрынғы бас директор "Ақтөбе" футбол клубына жалпы сомасы 43 млн теңге залал келтірді деп айыпталды. Барлық деректерді зерттей келе, шыққан сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Гүлбағда Қайратқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...