ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақтөбе қаласы бойынша қылмыс жиі тіркелген 15 көпқабатты үй аулалары анықталды

20:31, 19 қаңтар 2017

Учаскелік инпекторлар арнайы рейд ұйымдастырып, үйлерді, аулаларды тексеруде.

Мұндағы мақсат - қылмыстың алдын алумен қатар, жұмыссыздарды, заңсыз пәтер жалдап тұрғандар санын  анықтау. Алғашқы рейд қорытындысында қала бойынша қылмыс жиі тіркелген 15 көпқабатты үй аулалары анықталды.

Полиция қызметкерлері осылай үй-үйді, патерлерді жеке-дара аралап тексеріп жүр. сонымен қатар, жақында күшіне енген уақытша тіркеу туралы заңның талаптарын түсіндіруде.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы кездері ұсақ қылмыс саны артқан. Әсіресе ұрлық-қарлық көп тіркелуде. Патерге түсу,  аулада  тұрған көлікті тонау оқиғалары жиілеп кеткен.  Қылмыс көп тіркелген 15 көпқабатты үйдің аулалары бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерімен бірге салық  органдарының және жұмыспен қамту ориталығының мамандары да бұл іске тартылды.

ОРЫНАЛЫ ӘБДІҒАЛИ, САЗДЫ БӨЛІМІ  БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫҒЫ

Алдын алу шаралары нәтижесінде 60-қа жукық жұмыссыз адам анықталып, олардың тізімі жұмыспен қамту орталығына жіберілді. Енді оларды тұрақты немесе уақытша жұмыспен қамту мәселесі  де шешіледі.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...