ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақтөбеде адам өліміне қатысты сот отырысы басталды

17:38, 25 шілде 2017

Ақтөбеде «Достар» дәмханасына барып тамақтанып, сыра ішкен және кейін ақысын төлемей қашып кеткен екі ақтөбелікке қатысты сот отырысы бүгін басталды. Олар осы жерде жұмыс жасайтын дәмхана әкімшісінің өліміне себепші болды.

 Ал марқұм Әсет Оразбайдың  туыстары соттан әділдік сұрады. Өздері кінәлі бола тұра оқиға орнынан кетіп қалған Марат Абдуллин мен Артур Берекетов бүгін сот залына жеткізілді. Мемлекеттік айыптаушы наурыз айында болған оқиға желісін баяндап берді. Оның айтуынша, айыпталушы Марат Абдуллин әріптесі Артур Берекетовпен кафеге барып, дәмханада қызмет атқарып жүрген танысы Әсет Оразбайды кезіктіреді. Ол жұмыс бабында жүргенін, бірге дастарқандас бола алмайтынын айтып, литр жарым сыраны тегін береді. Ал қалған тапсырыстың ақысы 2555 теңгені екеуі төлемей, дәмхана ішінде  даяшыны балағаттаған. Марат Абдуллин ақшасы бола тұра төлемеген, ал Артур Берекетов кепіл ретінде жеке куәлігін тастап кетуді ұсынады. Кейін екеуі дәмхана алдындағы көлікке отырып, қашпақ болады. Әсет Оразбай көлікке жармасып, ілесе берген кезде, алдыңғы екеуі жылдамдықты асырады. Мұның салдарынан Әсет Оразбай құлап, оқиға орнында мерт болды. Жасы отыздан енді асқан жігіттің артында бала-шағасы қалды. Әйелі, анасы, туған-туыстары бүгін сот залында соттан әділдік талап етті. Марат Абдуллин Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық», Артур Берекетов «Абайсызда қазаға ұшырату» баптары бойынша айыпталып жатыр. Олар тағылған айыппен толық келісіп, қаза болған Әсет Оразбайдың туған-туыстарынан кешірім сұрады. Ал қаза болған жігіттің әйелі Гүлнар Оразбаева тағылған айыппен келіспей отыр. Ол айыпталушылар жолдасын қасақана өлтірді деп санайды. Сот отырысы жалғасуда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...