ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақтөбелік оқушыны сыныптастары соққыға жыққан

20:21, 6 сәуір 2017

Ол Ақтөбедегі № 26 орта мектептің 8-ші сыныбында оқиды. Жасөспірімнің анасының айтуынша, мектепте оның 14 жастағы ұлын бопсалап, ақша сұраған. Ал, мұны мектеп директоры жоққа шығарып отыр.

Бекзат қазір ауруханада жатыр. Бүгін редакциямызға анасы Гүлзада келді. Айтуынша, ұлының  басында ісік бар. Оқу жылының басында ғана ол Алматыдан ота жасатып келген. "Мұны балалардың бәрі біледі, сөйте тұра сыныптастары оны басынан ұрған. Оқиға осымен екінші рет қайталанып отыр. Ақпан айында жасөспірімдер өзара төбелесіп қалғанда Бекзаттың мұрны сынды" - дейді анасы.

ГҮЛЗАДА ҚОЖАМҰРАТОВА, Б.ҚОЖАМҰРАТОВТЫҢ АНАСЫ

Қазір балам ауруханада жатыр. Оған бәрінен бұрын психологтардың көмегі керек. Балалар қоқан-лоқы көрсеткен ғой. Содан әдбен қорқып қалған. Өткен істі қатты уайымдап жатыр, тұйық болып кетті.

Гүлзаданың айтуынша, баласының мұндай күйге түсуіне  сыныптастарының бопсалап, одан ақша талап етуі себеп болған. Алайда мектеп басшылығы мұны жоққа шығарды.

ЛӘЗЗАТ ТӘЖІБАЕВА, №26 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Анасының алғашқы өтінішінен соң,  ескертуінен соң, оны  өзге класқа да ауыстырдық. Бала болған соң, өзара шекісіп қалады. Бірақ, Бекзаттың  мұндай күйге түсуіне оқушылар арасындағы соққы әсер етті деп айта алмаймын. Өзі сондай белсенді бала.  Біздің мектепте оқушылар арасында  ақша бопсалау деген  жоқ. Анасының бұл сөзін мен жоққа шығарамын, келісе алмаймын.

Қазір бұл істің мән жайы жан-жақты қаралуда. Зауыт полиция бөлімшесіне баланың анасы шағым түсірген. Сол бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

НҰРГҰЛ ҚОНАҚБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...