ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Алаяқтық жасаған ақтөбелік әйелге қатысты сот үкімі шықты

19:47, 11 сәуір 2017

№2 қалалық сотта алаяқтық жасап, айыпталған Ботагөз Биекеноваға қатысты сот үкімі шықты.

Еске салсақ, бес ақтөбелік оның жасаған алаяқтық әрекетінің құрбаны болған. Ол адамдарды алдап, ірі көлемде ақша алды деп айыпталды. Жұрттың сеніміне кіріп алған ақшасының көлемі 16 млн.теңгені құрады. Алаяқтың ісіне бүгін сотта нүкте қойылды. Айтып өтейік, сотталушының кәмелетке толмаған баласы бар. Сот жәбірленуші тараптың талап-арыздарын ескеріп, материалдық шығындарын өндіріп алу бойынша шешім қабылдады. Сот үкімі Ботагөз Биекенованы бас бостандығынан айырды. 

АЛИМА ӘДІЛОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ

- Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес, Ботагөз Биекенованы бас бостандығынан айыру үшін  алғашында алты жыл алты ай мерзім берілді. Кейін, "Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы"  құрметіне орай жарияланған рақымшылыққа ілігіп, үш жыл үш ай мерзім тағайындалды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді.

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...