ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Алаяқтыққа қатысы бар 30 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

20:08, 12 сәуір 2017

Ақтөбеде, жеке тұлғалардың шоттарынан қаржы жымқырғандардың ісі тергеліп жатыр.

Олар, алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапқан дейді полиция қызметкерлері. Бірнеше сайттарға жарнама берген адамдарға сатып алушы ретінде хабарласып, тауарға интернет банкинг жүйесі арқылы төлем жасайтынын айтқан. Бірақ ол үшін жеке карт-шоттарының деректемелерін сұраған. Оларға сенгендер шоттары туралы барлық мәліметтерді өздері беріп отырған. Сондай-ақ, интернет желісіндегі несие алуға көмектесемін деген жалған хабарландыруға алданып, терминал арқылы ақша аударған ақтөбеліктер де полицияға шағымданған. Қазір, 30-дан астам күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Полиция қызметкерлері, картаның құпия кодын ешкімге жария етпеу керектігін ескертіп, сақтандырды.

НҰРГҮЛ ҚОНАҚБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ IIД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...