ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Алға ауданында мал ұрлығына қатысты қылмыстың 86 пайызы ашылмаған

20:39, 15 наурыз 2017

Пәтер ұрлығына байланысты да полицейлер шарасыздық танытып отыр.

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық прокуратура пилоттық жоба ретінде бастаған "Сенім бағыты" шарасын өткізді. Алға аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы өз кемшіліктерін кадр жетіспеушілігімен байланыстырып ақталды.

Алға аудандық ішкі істер бөлімінде жалғыз ғана жедел уәкіл бар. Бес орын бос тұр. Қылмыс жасалған жерге елден бұрын жетіп, күдіктілерді анықтап, қолдарына кісен салуға міндетті мамандардың жетіспеуі ішкі істер бөлімі көрсеткіштерінің төмендеуінің дәлелі ретінде айтылды. Бөлімде тергеушілер же жетіспейді. Үш тергеуші табылса, басшылық қызметке қазір қабылдауға дайын.

НҰРҒАЛЫМ ӘБДІРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

- Қылмыстық істер бойынша шешім қабылдауда күрмеуі қиын мәселелер бар. Соның салдарынан өз құқықтарын қорғау үшін процеске қатысушылар прокуратура, сот органдарына арыздануға мәжбүр. Өңірде қылмыстың өсуі, жергілікті полиция және жедел қызметтердің жұмысын ұйымдастыруда кемшіліктер бар.

Бүгін облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров бастаған прокуратураның жиырмадан аса үздік қызметкері "Сенім бағыты" жобасының аясында Алғаға табан тіреді. Аталған топ төрт күн бойына Алға аудандық ішкі істер бөлімін тексеріп, өңірдің криминогендік ахуалын талдайды.

ЖӘНІБЕК ТӨРЕБЕКОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ 2-БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстың алдын алу, сотқа дейінгі тергеу және өзге мүдделес органдарымен байланысқа көңіл аудармайды. Соның салдарынан маскүнемдер жиналатын орындар бақылаусыз, жалпы қылмыстың елу пайызы спиртті ішімдік ішуден кейін жасалған, пәтер ұрлығы да өршіп тұр. Жиынға қатысқан аудан әкімі қылмыстың алдын алуға үлес қосатындықтарына сендірді.

МАВР АБДУЛЛИН, АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Прокурорлар бастамашы болып отырған "Сенім бағыты" жобасы өзге аудандарда да жалғасады. Жылдың алғашқы жартысында кешенді жұмыстардың қорытындысын шығарып, нақты шешім қабылдау көзделген.

Серік Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...