ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Дәмхана әкімшісінің өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды

20:10, 24 наурыз 2017

Наурыз айының 20 жұлдызы күні Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірінің әкімшісі мен қонақтардың арасында жанжал туындап, соңы кісі өліміне ұласқан.

Облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Болат Көшқалиевтың мәлімдеуінше, дәмхана қонақтары көрсетілген қызмет үшін есеп айырысудан бас тартып, автокөліктеріне мініп қашпақшы болған. Олардың ізіне түскен әкімші автокөліктің ашық есігінен ұстағанымен, орнынан қозғалып кеткен көліктің екпінімен жерге сүйретіле құлап, алған жарақаттарынанан көз жұмған. Бұл іс турасында бүгін департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

БОЛАТ КӨШҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

- Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша іс қозғалып тергеу жүргізілуде. Мәйітті тексерген сот-медициналық сарапшылар онда пышақ немесе атқыш қару оғының ізін анықтаған жоқ. Оқиғаға күдікті ретінде 29 және 32 жастағы жігіттер ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...