ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Емхана қызметкерін кепілдікке алған күдіктінің көзі жойылды

20:38, 15 наурыз 2017

Кеше түнде Ақтөбедегі тіс емханасында болған оқиға қала тұрғындарын әбден дүрліктірді. Ажырасқан әйелін жұмысына іздеп барып, емханадағы қызметкерді бес сағат бойы кепілде ұстаған жігіт ақыры оққа ұшты. Бүгін осы қанды оқиғаға байланысты Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері сұхбат берді.

ӘЛИЯ ОРАЗАЙ, ТІЛШІ

- Адам өміріне қауіп төндірген оқиға кешкі сағат жетілер шамасында дәл осы емханада орын алған. Емхананың 1991 жылғы қызметкерін  24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны кепілдікке алған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері шамамен бес сағаттай әлгі қылмыскермен келіссөз жүргізген.

Алайда, бұдан түк шықпады. Алайда қаніпезер келісімге келуден үзілді-кесілді бас тартып, оқиға орнына жеткен туысқандарымен де тілдеспеген.

АРЫСТАНҒАНИ ЗАППАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

- Келіссөздер нәтиже бермеді. Барлық қабылданған шаралар бейбіт жолмен шешуге еш мүмкін болмағандықтан, әрі қылмыскер әр минут сайын ызаланып, адам өміріне қауіпті  күшейткенін  ескеріп, сағат 00 шамасында   полиция қызметкерлері кепілге алынған азаматшаның өмірін аман алып қалу үшін, арнайы операцияға кірісті. Заңға сәйкес,  табельдік қару қолданып, қылмыскердің көзі жойылды.

Абылай Тілеуов  кепілдікке алған емхана қызметкерін  пышақпен қорқытып, бір апта бұрын  ажырасқан әйелімен кездестіруді талап еткен.Тіпті оны өлтіруді жоспарлап жүргенін айтқан. Құзырлы орган өкілдері таратқан мәлімет бойынша,  жұмыссыз жүрген Тілеуов  бұған дейін де ұрлық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

АРЫСТАНҒАНИ ЗАППАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

- Белгілі болғандай үш сағат бұрын, Оның ата - анасына барып,  дәлірек айтқанда енесін пышақпен жарақаттаған.  Аталған факт бойынша, Ақтөбе қаласы ІІБ , ҚР қылмыстық кодексінің 107 бабының 1 тарауымен адам денсаулығына, қасақана , орташа ауырлықтағы зиян келтіру, және 261 бабы, 2 бөлігі қару қолданып кепілдікке  алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аман қалған азаматша қазір дәрігерлердің бақылауында. Психологиялық ауыр соққы алған жалғыз ол емес. Оқыс оқиғадан  төңіректегі  мекемелердің қызметкерлері де қатты шошып қалған. Кейбірі,  есіктерін іштен жауып отыр.

АЙЖАН ҚАЙРУЛЛА, КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ, ТІРКЕУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

- Әрине, біз бұл оқиғадан кейін күзет қызметін күшейтуді жөн көрдік. Кешкі сегізге дейін жұмыстамыз. Қараңғы түсіп, кеш батқанда қайтамыз. Оның үстіне бұл аудан қаланың шетінде.

Бүгін де оқиға орнында полицейлер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Болған жайтқа қатысты жан-жақты тексеру жүргізіліп,арнайы сараптама тағайындалды. 

Әлия Оразай 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...