ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Интим видеосын таратпау үшін ақтөбелік кәсіпкер бопсалаушыларға 5 миллион теңге төлеген

17:11, 3 наурыз 2017

Ақтөбеде жергілікті кәсіпкер даяшы қызбен жыныстық қатынасқа түскені бейнеленген видеоның тарап кетпеуі үшін бопсалаушыларға 5 миллион теңгесі мен қымбат көлігін беруге мәжбүр болған.

Бұл туралы "Диапазон" хабарлайды. Басылым оқиғаның қашан болғанын нақтыламайды. Кәсіпкерді даяшы қыз өз үйіне шақырған. Қыз онымен бір түнін өткізуге қарсы еместігін білдірген. Тергеу нұсқасы бойынша, кәсіпкер қызбен Кошевой көшесінде кездескен.  Тергеушілердің мәліметінше, кәсіпкер қызбен жыныстық қатынасқа түскен, осыдан кейін пәтерге даяшы қыздың сыбайластары кіріп келген. Олар кәсіпкерді ұрып-соғып, 100 мың доллар талап еткен. Олар қызбен болған түнді видеоға түсіріп алғанын және Интернетте таратып жіберетінін айтып, "қарызбын және зорлағаным рас" деген қолхат жаздырып алған. Осылайша, ер адам оларға жол талғамайтын көлігі мен 5 миллион теңгесін беріп қойған.  Күдіктілер кәсіпкердің автомобилін сатып жатқан кезде ұсталған. Тергеу бойынша, кәсіпкерлерден ақша өндірудің ұйымдастырушысы Аманжол Исмагилов деген тұрғын. "Осы іске ол өз таныстарын және 23 жастағы даяшы қызды тартқан. Қазіргі уақытта бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша облыстың төрт адамы - Аманжол Исмагилов, Асхат Кереев, Дамира Нагиева, Галина Шмыковаға қатысты сот ісі өтіп жатыр.

Толығырақ:  kaz.tengrinews.kz

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...