ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

Ірі көлемді алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды

21:30, 7 наурыз 2017

Облыстық ішкі істер департаментінде ірі көлемді алаяқтық бабы бойынша Гегам Асрян мен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұл туралы бүгін департамент басшылығы хабарлады. Тергеу жұмыстары құрылысқа несие берген екінші деңгейлі банктің және "ЮнисСити" тұрғын-үй массивінен пәтер сатып алған тұрғындардың арыздары бойынша жүруде. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сот санкциясымен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тыңдалып, халықаралық іздеу жарияланды. Айтып өтейік, осы іске қатысты жеті күдікті ұсталып, өз кінәларын мойындап отыр.

ЕРНАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Тергеу органы мүлікке тыйым салу шарасын қолданып, сот санкциясымен күдікті тұлғалардың мүліктеріне тиым салынды. Аталған шаралар мүліктің сақталуын қамтамасыз етіп, жоғалу немесе жасыру, сондай-ақ, үшінші тұлға иелігіне өтіп кету мүмкіндігінің алдын алады. Сол себепті, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

Айтып өтейік, тұрғын үй массивінен пәтерлерді заңды жолмен алғандар алаяқтық істің құрбаны болмайды. Олар баспананың заңды иесі екендерін айғақтайтын құжаттарын көрсетулері керек

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевпен және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті.
15:39, 30 шілде 2020
Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурста...
Толығырақ...