ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Қалада пәтер тонаушылар көбейді

19:49, 10 ақпан 2017

Полиция қызметкерлері Ақтөбеде пәтер тонаумен байланысты қылмыстың артып отырғанына алаңдаулы.

Бұл туралы қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен қала әкімдігінде өткен жиналыста айтылды. Басқосуға пәтер иелері кооперативтерінің басшылары және күзет мекемелерінің директорлары да қатысты. Тәртіп сақшыларының байқағаны бойынша, пәтерлер негізінен таңертең және күндіз жұмыс уақытында тоналады.  Өткен жылы түнде есікті бұзып кіріп, тұрғындардың мүлкін ұрлаған 30 оқиға тіркелді. Есет батыр, Тургенев және ағайынды жұбановтар көшелерінің тұрғындары қарақшылардан мезі болғандарын айтады. Ал ұрлық ең көп тіркелген тұрғындар массивінің қатарында Заречный, Жаңақоныс және Оңтүстік батыс елді мекендері бар. Пәтерлерді көбінесе бұрын соттталғандар, нашақорлар тонайтыны анықталған. Ал қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 10 мың подъезінің жетеуінде ғана бейнебақылау камералары бар. Ал 20 мың пәтердің 5 пайызында ғана дабыл қаққыш жүйесі орнатылған. Әр подъезге учаскелік инспектор қою мүмкін емес жағдай. Сондықтан, тұрғындар өздерінің мүліктеріне мығым болулары керек.

ҚАНЫБЕК  ЖАКСЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Өткен жылы Ақтөбеде мың жарымнан астам пәтер тонау қылмысы тіркелді. Бұл қылмыс 2015 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артып отырғанын көрсетеді. Терезе, балкон арқылы пәтерге кіріп, тонап кеткен 498 факті тіркелді. Ал кілтті үйлестіріп, пәтер есігін ашып кірген 56 жағдай белгілі болды. Есікті бұзып кірген 127 оқиға да біздің бақылауымызда.

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...