ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Қанды оқиғаға қатысқан қылмыскерлерге сот үкімі шықты

20:52, 28 қараша 2016

Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға қатысты айыпталушыларға сот үкімі шықты.

Қанды қылмысқа қатысқандардың жетеуіне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екеу 20 және 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмыс туралы хабарламағаны үшін 18 адам және оны жасырғаны үшін тағы екі адам жазаға тартылды.

5 маусым күні Ақтөбеде орын алған қанды оқиғаға қатысты істі қарау толық аяқталды. Сот үкімін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Сұлтанов жария етті.  

НҰРЛАН СҰЛТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Сот отырысына 29 айыпталушының барлығы қатысты. Олардың 9-на терактіге қатысқаны үшін айып тағылған. Нәтижесінде бүгін жетеуі атап айтсақ, Жаңабай Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Бақыт Қуанышбаев, Асхат Рахметов, Ануар Садихов, Арсен Таңатаров және Асхат Иманғалиевке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар өз жазаларын ерекше режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал, Айдос Жұбановқа қылмыстары үшін 22 жыл, Азамат Абдрахмановқа 20 жыл жаза тағайындалып, мүліктері тәркіленетін болды.

ИЛИАДА ДОСОВА , АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Қылмыстың жоспарланғанын біле тұра хабарламағаны үшін тағы 18 адамға қатысты да бүгін сот үкімі шығарылды. Оларға екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, қылмысты жасырып қалғаны үшін Мирлан Ердауов енді жалпы режимдегі түзеу колониясында 4 жыл бойы жазасын өтейтін болды. Ал, Үсен Өтеповке осынша уақыт бойы бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

ИЛИАДА ДОСОВА , АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Естеріңізге сала кетсек, қолына қару ұстаған қылмыстық топтың бірнеше мүшесі, 5-ші маусым күні Ақтөбедегі екі бірдей қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, кейін 66/55 әскери бөліміне басып кіркен еді. Қаланың бірнеше бөлігінде тәртіп сақшыларымен атысып, ауыр қылмыстар жасады. Бірнеше адам мерт болды. Жарақаттанғандар да бар. Қанды қырғынға қатысы бар сотталушыларға жаза тағайындауда заңдылық, адамгершілік және өзге де ізгілік шарттары сақталған. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...