
Тәртіп сақшылары 29 наурыз күні "Емшан" серіктестігінің күзетшісін тапаншамен қорқытып, 250 мың теңгені тонап кеткен үш ақтөбелікті ұстады.
Қарақшылық жасағандардан заттай айғақтар, оның ішінде қолданылған пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
ҚУАНЫШ ЖАЛҒАСБАЕВ, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
- Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жеңіл көліктің иесі - әйел адамды пышақпен қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған екі күдікті де ұсталды. Қазір тергеу изоляторына тоғытылып, оларға қатысты тергеу жүргізілуде.