ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Қарақшылық шабуыл жасаған теріс ағымның екі өкілі ұсталды

19:28, 26 сәуір 2017

Қарақшылық шабуыл жасап, ақтөбелік екі бойжеткенді жәбірлеген теріс ағымның өкілі ұсталды. Олар, қыздарды қорқытып жеке заттарын тартып алған. Бұдан өзге бұрын сотты болған тағы бірінен қару-жарақ тәркіленді.

Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, 1986 жылы туған азаматтың көлігінен үш бірдей шолақ мылтық табылды. Діннің атын жамылған ақтөбелік бұрын, қару-жарақ операциялары мен бұзақылық жасағаны үшін үш рет істі болып, жазасын өтеген. Күдіктінің тонау әрекеттеріне де қатысы болуы мүмкін.

БАУЫРЖАН АТАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Сондай-ақ, түн мезгілінде пәтер тонап, ондағы екі қызды жәбірлеген 1980 және 1982 жылы туған екі тұрғын да ұсталды. Олар, теріс ағымды ұстанушылар ретінде арнайы есепте тұр дейді полиция қызметкерлері. Екеуі де бұрын сотты болған. Есірткі қолданып, бірнеше қылмыстық іс-әркетпен айналысқаны белгілі болып отыр.

БАУЫРЖАН АТАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Қазір күдіктілер қамауға алынған. Көп ұзамай, жауапкершілікке тартылатын болады. Жасаған заңсыз әрекеттері үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...