ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылды

21:34, 16 наурыз 2017

Қандай да құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамту - бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы жайға баса назар аударып, жазалау орнынан шыққан әрбір адаммен нақты жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті. Қазіргі уақытта екі жазасын өтеу мекемесінде 200 адам кәсіптік білім алу үстінде. Былтырғы дерек бойынша сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету 60 пайыз құрап отыр. Ақылы жұмыспен 522 адам қамтылған. Облыс басшысы талдау деректері көрсеткендей, жазасын өтеп шыққандардың қайталап қылмысқа ұрынуы жиі кездесетінін, сондықтан олардың жұмысқа орналасуына ықпал жасап, тұрақты қадағалау жүргізу қажеттігін тапсырды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Комиссия отырысында Хромтау және Қобда аудандарының әкімдері өздері басқаратын өңірлердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Облыста жол-көлік оқиғаларының да жиелеп кеткені осы жиында айтылды. Бүгінгі күні облыста «Қауіпсіз көлік» акциясы жүргізілуде. Өңір басшысы бұл мәселеге қатысты шара алуды тапсырып, ерекше назар аударуды міндеттеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...