ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлағандар жазалануы тиіс

20:38, 16 мамыр 2017

Ресей Федерациясының Псковь облысына қарасты Невель қаласында белгісіз біреулер Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлап, балағат сөздер жазылған бейнетаспаны әлеуметтік желілерге таратқан.

Вандалдық әрекет түсірілген бейнежазба youtube.com порталына салынған. Бейнеде белгісіз ер адамның ескерткішке шығып алып, суретке түскісі келгенін, ал достары оны суретке түсіріп тұрып, балағат сөздер айтқанын байқауға болады. Ресейдегі Қазақстан елшілігі Санкт Питербург қаласының құқық қорғау органдарына вандалдық әрекет жасағандарды анықтап, жазалау туралы шағым түсірді. Еске салсақ, Кеңес Одағының батырына арналған мемориал 1978 жылы ашылып, 2010 жылы жаңғыртылған болатын. Мәншүк Мәметова 1943 жылы 21 жасында Невель үшін шайқаста ерлікпен көз жұмды. Невельде жерлес қаруластары жатқан зиратқа жерленді.

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...