ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Облыс прокуратурасы қылмыстық деректерге қатысты талдау қорытындысын мәлімдеді

21:50, 17 қараша 2016

Облыс прокурорлары алкогольдік ішімдік ішу салдарынан туындайтын қылмыстар саны өсті деп дабыл қақты. Облыста жасалған әрбір оныншы қылмыс маскүнемдікпен байланысты болып отыр. Ақтөбе өңірі бұл қылмыстар бойынша республикада бесінші орында тұр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 460 кәсіпкер алкоголь өнімдерін сатумен байланысты лицензияны алған. Десек те, олардың арасында алкоголь өнімдерін өткізу туралы заңнама талаптарын бұзғандар бар. 39 тұлға осы себепті әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазақстан заңы бойынша, егер кәсіпкер бірінші рет талаптарды орындамаса, 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал жағдай екінші рет қайталанса, 180 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалады және лицензиясынан айырылады.

ЕРНАЗАР АЛДИЯРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Енді құзырлы орган өкілдері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге түнгі уақытта алкоголь өнімдерін өткізу туралы заңнама талаптарын бұзу дерегі бойынша рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуді бастайды. Себебі, Ақтөбе облысында маскүнемдікке бой алдырып, қылмысқа баратындар саны көбейген. Ұрлық-қарлық, тонау, мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепкер болу, полиция өкілдерін балағаттау, зорлау деректері бойынша көрсеткіштер көңіл көншітпейді.

ЭСЕНТУР ҚАДЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЕКІНШІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

- Үстіміздегі жылдың статистикалық көрсеткішіне сәйкес, облыс орталығында қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен күйінде жасалған 386 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелсе, оның ішінде 230 қылмыс түнгі уақытта жасалған. Ал жыл басынан бүгінгі күнге дейін 3361 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде, 1785 дерек мас күйінде көлік басқарғандарға, 39-ы жол-көлік оқиғасына қатысты.

Прокурорлар Ақтөбе қаласындағы криминагендік жағдайға байланысты арнайы жоспар әзірлеген. Ол қысқамерзімде орындалатын, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспар. Сондай-ақ, облыстық прокуратура өкілдері қылмыстардың алдын алу үшін әрбір үй аумағында бейнебақылау камераларын орнатпақ.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...