ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Облысқа жетпеген сұйылтылған газ заңсыз жолмен шекара асырылған

19:37, 4 сәуір 2017

Ақтөбе облысында өткен аптада сұйытылған газ тапшылығы тіркелген болатын.

Арнайы тексеру тобы сұйытылған газдың контрабандалық жолмен шекара асырылғанын анықтады. Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығы мәселесі Үкіметке жетіп, өткен аптада Энергетика министрлігі екі қызметкерін өңірге жіберген болатын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев прокуратура тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Ал бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығында мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері сұйытылған газды шет елге астыртын өткізумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғанын мәлімдеді. «Үкімет пен Ақтөбе облысы əкімінің тапсырмасы бойынша бірлескен іс-əрекеттер жасалды. Нәтижесінде облыс халқының ішкі пайдалануына арналған  аса ірі көлемдегі сұйытылған газды шетелге темір жол арқылы заңсыз тасымалдап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді»,- деді жауапты мамандар. Айта кетейік, жедел іздестіру және тергеу шаралары екі газ тарату ұйымының аумағында жүргізілген.

АРТУР ХАЙРУДДИНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...