Өңірде соңғы уақытта қылмыс жасағандар саны өршіп тұр

Заң бұзып, қылмыс жасағандар ұсталды

17:41, 9 тамыз 2017   155

Полицейлер банк қаражатын жымқырған қызметкерді анықтады. Менеджердің жеке есеп шотына 12 миллион теңгені заңсыз аударғаны дәлелденді. 35 жастағы Ақтөбе тұрғынынына қатысты тергеу жүріп жатыр. Осы және  басқа да  қылмыстар туралы бүгін облыстық ішкі істер департаменте өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

Көйлекті сатып емес ұрлап киетін әйел ұсталды. 36 жастағы ақтөбелік дүкендерден киім-кешек ұралуды әдетке айналдырған. Соңғы дерек бойынша ол Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы дүкеннен 3 көйлекті қолды қылған. Жедел профилактикалық шара аясында күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  

Алға ауданы Қайыңдысай ауылында қарасораға ұқсас есірткі зат табылды. Ауладағы күдікті өсімдікті иісшіл ит анықтапты.  Заңсыз есірткі затын өсіргені үшін 46 жастағы тұрғынға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде "Көкнәр-2017" жедел шарасы жалғасуда.

Қазір анықталған фактілер бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Ұлағат Арғынұлы, Венера Серғазина, Аманжол Айтмағамбетов

 

 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44