ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Полиция қызметкері 4 жылға сотталды

21:36, 3 наурыз 2017

Ақтөбеде таныс құрбысын тонап кеткен тәртіп сақшысына қатысты сот үкімі шықты.

27 жастағы Алтынбек Қалауп ұрлық жасағаны үшін алты жылға жаза арқалап отыр. Бірақ судья елімізде жарияланған рақымышылық заңына байланысты оны бір жарым жылға қысқартты.  Сот отырысында белгілі болғандай, Сазды полиция бөлімінің аға лейтенанты құрбысымен сауық кешіне барады. Сонда меймандардың бірінің пәтер кілтін ұрлап алады. Бір аптадан соң жәбірленушінің іс сапарға кеткенін пайдаланып,  баспанасына еркін кіреді. Құны бес миллион теңге тұратын алтын бұйымдары мен төрт құндыз тонын алып кеткен. Кейін базар маңындағы дүңгершіктерге арзан бағаға тапсырады. Бұл қылмысын полиция қызметкері алғашқыда мойындамағанымен, үкім шыққан сәтте тәубесіне келді. Енді ол төрт жарым жыл өмірін жалпы тәртіптегі түрмеде өткізеді. Аға лейтенант шенінен және өмір бойына ішкі істер саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

ИЛЛИАДА ДОСОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...