ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Полицияға қару кезенген көлік жүргізушісі мерт болды

20:56, 13 қаңтар 2017

"Ақтөбе-Богословка" тас жолы бойында көлігін тоқтатқан полиция қызметкеріне қару кезенген автокөлік жүргізушісі мерт болды.

Бұл туралы бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ресми ақпарат таратты. Оқиға кеше 12 қаңтар күні кешкі сағат 9-дар шамасында орын алған болытын.

Атыс кезінде пайдаланылған табельдік қару оғы мүлт кетпей, полицияға қарсы оқ жаудырған күдіктіге тиді. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылады. Бірақ, күдікті ауруханаға жетпеді, алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмды. Алдын ала тергеу кезінде анықталғандай ол 1983 жылы туған, бұрын да істі болып, сотталған.

АРЫСТАНҒАНИ ЗАППАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кейбір дерек көздерінде атысқа теріс ағымдардың жетегінде жүргендердің қатысы бар делінген. Алайда, ресми ақпарат таратқан облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров бұл ақпаратты растаған емес, жоққа да шығармады. Атыс болған жерде көлікте қаза болған күдіктінің жалғыз өзі ғана болған. Бұл іс қазір тергеу үстінде, нақтылануда.

Гүлбағда Қайратқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...