ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Сәбиін сатпақ болған әйел айыпталуда

19:21, 6 сәуір 2017

Ақтөбеде сәбиін сатпақ болған әйелге қатысты сот процесі басталды. Оған баласын 60 мың теңгеге бағалады деген айып тағылып отыр.

Ақтөбелік әйел жаңа туған баласын перзентханадан шыға сала алдын-ала келісім берген адамға ұстатып жіберген. Ол Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша айыпталып жатыр. Іс материалдарына сүйенсек, 32 жастағы Жанна Ақаласова бұрын тұрмыс құрмаған. Бірінші баласын сәбилер үйіне тапсырған. Ал екінші ұлын биыл қаңтарда босанып, ұзақ жылдар бойы сәби сүйе алмай ерлі-зайыптыларға беріпті. Ол сотта "Мен сәбиімді сату туралы ойлаған емеспін" деп ақталды.

Айыпталушы арада уақыт өткенде баланы алған адамдарға өкінетінін айтып, «сәбиімді қайтарып беріңдер» деп өтініш айтты. Алайда, олар келіспеген соң, Ақаласова полицияға шағымданған.

АЙЫПТАЛУШЫ

Баланы бауырына басқан әйел 60 мың теңгені оған көмек ретінде бергенін айтады. Екі тарап та "саудаласу болған жоқ" деп ақталуда. Баласын бейтаныс жанға ұстатып жіберген әйелдің құрбысы да айыпталуда. Ол екі арада делдал болған. Айыптау қорытындысын оқыған прокурор Нұрлан Сәндібай айыпталушы Ақаласова, Өтешова, Досақованың алдын-ала өзара келіскенін айтып отыр. Келісім туралы қолхат та бар болып шықты.

НҰРЛАН СӘНДІБАЙ, ПРОКУРОР

Айта кетейік, үш айлық сәби қазір «Үміт» сәбилер үйінде. Ал бала сатты деген күдікке ілігіп, жасаған істері үшін өкінген айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденсе, олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...