ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Табельдік қарудың қолдану заңдылығы тексерілуде

21:25, 17 наурыз 2017

Ақтөбеде стоматология қызметкерін кепілге алу оқиғасы тергелуде. Оқиғаның куәгерлерінен жауаптар алынып, сараптама жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қылмыскерді ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің табелдік қаруды қолдану заңдылығы да қаралуда. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер депртаментінде өткен брифинг барысында айтылды.

ЕРНАТ ҚАЛИАҚБАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Құзырлы органдардың тексеруі барысында табылған айғақтарды пайдаланып, сондай-ақ, сараптама қорытындысымен куәгерлер мен жәбірленуші тергеліп жатыр. Табельдік қарудың қолдану заңдылығы да тексерілуде.

Еске салсақ, наурыздың 14-нен 15-не қараған түні 24 жастағы қала тұрғыны ажырасқан әйелін іздеп барып, тіс емханасының қызметкерін бес сағат бойы кепілде ұстады. Полицияның да, туыстарының да сөзіне тоқтамаған жігіт ақыры оққа ұшқан болатын. Сол күні өміріне қауіп төнген емхана қызметкері бүгін брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жауап берді. Жәбірленуші аман қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Әрі журналистерден мазаламауын өтінді.

ӘСЕМ, ЖӘБІРЛЕНУШІ

- Мені мазаламауларыңызды сұраймын. Өткен оқиғаны есіме алғым келмейді. Бәрі артта қалды. Маған оңай болған жоқ. Егер полиция қызметкерлері болмағанда менің жайым не болар еді? Сондықтан, мен оларға өз жұмысын жауапты орындағандары үшін алғысымды айтамын.   

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...