ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Тәртіп сақшыларына талап күшейтілді

20:55, 14 сәуір 2017

Тәртіп сақшыларына бұдан былай бейнерегистраторы жоқ қызметтік көлікпен жүруге тыйым салынды.

Бұл әсіресе жол-патрульдік полицейлеріне қатысты. Министрлік бекіткен тапсырманы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түсіндірді. Облыстық ішкі істер департаментінде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев қатысты. Жергілікті полиция қызметінің жыл басынан атқарған жұмысына есеп берілді. Өткен жылмен салыстырғанда ауыр қылмыс саны артқан. Сондай-ақ ұрылар мен бұзақыларға дер кезінде тұсау салынбай отырғаны да айтылды. Құқықбұзушылықтар әсіресе букмекерлік кеңселерде жиі орын алады екен. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алкоголь ішімдіктер сату фактілері де көбейген. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алған ұсақ құқық бұзушылықтар саны 8 пайызға артқан. Жергілікті полиция бастығы жұмысты одан әрі жандандырып, көрсеткіштерді  жақсарту үшін нақты тапсырмалар берді. 15 сәуірден басталатын "Қару" профилактикалық іс-шарасын белсенді жүргізуді тапсырды.

ҚАНАТ ӘЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

- 15-30 сәуір аралығында өтетін "Қару" профилактикалық іс шарасына барлығыңызды белсенді ат салысуға шақырамын. Ал, қару ұрланған жағдайда жауапты инспекторға тек қатаң сөгіс қана беріліп қояды деп ойламаңыздар. Бүгінгі күнге дейін суық қаруды жымқырғандардың ісі әлі ашылмай отыр. Ол Мәртөк ауданы мен қаладағы елек бөлімшесіне қатысты. Іс-шара барысында қандай-да болса заңға қайшы әрекет еткендердің қаруын тәркілеу қажет.   

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...