ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Тәттіге үйір ұры ұсталды

17:25, 23 тамыз 2017

Тәттіге үйір ұры ұсталды. Ақтөбедегі дүкендердің бірінен виски шарабы мен 16 дана шоколодты қолды қылған азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ал, букмекерлік кеңсенің 260 мың теңгесін алып кеткен 24 жастағы қала тұрғыны, көп ұзамай қолға түсті.

Букмекерлік кеңсенің ақшасын алған ақтөбелік, өз ойын оңай іске асырған. Полиция қызметкерлері анықтағандай ол, касса орналасқан бөлмеге емін-еркін кіріпті. Нәтижесінде ірі сомадағы қаржыны алып кеткен.

Ал, Хромтау қаласында ломбард тонамақ болған екі азамат ұсталды. Олардың ісін учаскелік инспектор кездейсоқ байқап қалған. Дереу полиция жасағын шақыртып, күдіктілердің жолын кесті. Қазір олар, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Орын алған іске қатысты жауап беруде.

Сондай-ақ, виски шарабы мен 16 шоколодты қолды қылған Ақтөбе тұрғыны, дүкен иесінің шағымынан кейін, көп ұзамай қолға түсті. Тәттіге үйір 34 жастағы азаматтың әрекетінен келтірілген шығын көлемі - 17 мың теңгені құрап отыр. Қазір оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынын өңірде 4486 ұрлық дерегі тіркелген Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4 пайызға аз дейді тәртіпсақшылары.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Жанәділ Сағиев

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...