ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ұрлық пен алаяқтық жасап, есірткі шөбін өсірген азаматтар ұсталды

19:06, 16 тамыз 2017

Ақтөбедегі дәмханалардың бірінің ауласында есірткі тәріздес шөп өсірген факті анықталды.

Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ұрлық пен алаяқтық жасаған азаматтарды қолға түсірді.

Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, Ақтөбедегі дәмханалардың бірінің ауласынан есірткі тәріздес шөп өсірген факті тіркелді. Мұны тәртіп сақшылары "Көкнәр-2017" жедел профилактикалық шарасы кезінде анықтады. Көкнәр өсімдігінің 123 түбін заңсыз өсірген дәмхананың әкімшісі болып шықты. Қазір аталған дерекке қатысты іс қозғалды. Сондай-ақ, мамандар азаматтарды жұмысқа орналастырам деп, алдап ақша алған алаяқтарды құрықтады. Осыған қатысты 31 шілде күні полиция қызметіне 33 жастағы азаматша шағымданды. Ол Атырау қаласындағы мұнай компанияларының біріне вахталық әдіспен жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, 80 мың теңгесін жымқырған танысына қатысты арызданды. Осы іске қатысы бар 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Бұдан бөлек, супермаркет дүкендер желісінен садақа жәшігін ұрлаған ұры құрықталды. Сазды полиция бөлімшесіне қаладағы дүкендердің бірінен қауіпсіздік қызметкерлері 7 тамыз күні түнгі сағат 01.45 шамасында белгісіз адам 28 жастағы қала тұрғынына тиесілі қайырымдылық үшін жиналған ақшасы бар жәшікті ұрлап әкеткенін хабарлаған.

Қазіргі уақытта қылмыскерге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды. Әрі сот алды тергеу амалдары басталды.

Жұлдыз Алмасқызы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...