ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Жеті сатушының пиротехникалық бұйымдары тәркіленді

20:52, 22 желтоқсан 2016

Ақтөбе облысында "Қауіпсіз Жаңа жыл" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Өңірдегі полиция қызметкерлері базарлар мен дүкендерде заңсыз сатылып жатқан жасанды от шашуларды анықтап, қауіпсіздіктің алдын алуда.

Екі күннен бері полиция қызметкерлері дүкендер мен базарларды аралап жүр. Олар  пиротехникалық бұйымдарды рұқсат қағазынсыз сатқандарды анықтап,  7 адамның заңсыз тауарларын  тәркіледі. Мақсат тұрғындардың  жаңа жылды қауіпсіз қарсы алулары үшін жағдай жасау,  жасанды от шашудан зардап шегуді болдырмау.

ЕРКІН МАЛАЕВ, ЕЛЕК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қалада жасанды мерекелік от шашуларды  сатуға рұқсат  Паллада және Пантера  дүкендеріне берілген.  Ал, өзге орындарда  сатылып жатқан пиротехникалық бұйымдардың сақтау мерзімі көрсетілмейді немесе  лицензиялары болмай шығады.

Жаңа жыл кешінде жасанды от шашулардан әсіресе балалар зардап шегеді.  Сондықтан, пиротехникалық тауарды сатып алмас бұрын, оның сақталу мерзіміне мән берген дұрыс. Тіпті балалардың қауіпсіздігі үшін мерекелік от шашуларды алмаған да дұрыс дейді ақтөбеліктер.

АЛТЫНАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ЕРБОЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

"Пиротехника" жедел алдын алу шарасы жылдың соңына дейін жүргізіледі. Егер әлі де  көше бойында, шағын дүкендер мен  жайма базарларда лицензиясыз  от шашулар сатылып, заң бұзушылыққа жол берілсе, сатушыларға  10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...