ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі 22 690 теңге айыппұл төлейді

20:42, 13 наурыз 2017

Ақтөбелік көлік жүргізушісі жол жиегін автотұраққа айналдырды.

Ол мерседес маркалы машинасын көліктер нөпірі өтіп жатқан Некрасов көшесіне, жолдың қарсы бетіне қойып кеткен. Біздің түсірілім тобының назарына іліккен бұл жағдайды мамандар жол апаты туындауы мүмкін деп баға берді. Автокөлік бір сағат бойына Некрасов пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында заңсыз тұрды. Көлік жүргізушісі шаруасымен келген нотариалдық мекемеге жақын тұрсын деген оймен машинаны жол жиегіне уақытша қойдым деп ақталды. Өзінің бұл әрекетінен заңға қайшы келетіндей әбестік көріп тұрмағанын және айтты. Бірақ, аты-жөнін айтудан және сұхбат беруден бас тартты. Ал тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған автокөлік иесі  заң бойынша 22 690 теңге айыппұл төлейді деді.

ВЯЧЕСЛАВ БЕКМҰҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖПП БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ

- Көлік жүргізушісінің әрекеті дұрыс емес. Ол жол ережесін бұзып отыр. Бұндай жағдайда көлік иесіне әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 597 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, осы сәтті пайдалана отырып, автокөлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін сақтау керектігін ескертемін. Қазір орталық базар айналасында да жол ережесін бұзушылар көбейіп кетті.

Тақырып бойынша материалдар

Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
13:01, 22 қыркүйек 2017
Киік мүйізін алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...