ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

1600 АДАМ ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН АУРАДЫ

17:00, 1 ақпан 2018

Ақтөбеде 1600-ден астам адам қатерлі ісікпен аурады. Дәрігерлер бүгін онкологиялық аурулардың алдын алу туралы дабыл қақты. Еліміз бойынша онкүндік жарияланды. тақырыпты Әнуарбек Мырзатайұлы толықтырады

¤Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы онкологиялық ауруларға шалдыққандардың қатары 150-ге артқан. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, талдау жұмыстары қауіпті дерттің ішінде, өкпе обыры бірінші кезекте тұрғанын көрсеткен. Одан кейін сүт безі, асқазан және тері аурулары тұр.

  Облыста 1600-ден астам адам қатерлі ісікке шалдыққан. Негізінен, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында көп тіркелген. Шаһарда жүз мың тұрғынға шаққанда 200-ден келеді дейді мамандар. Әсіресе, скринингтік тексерулер кезінде көп анықталады. Бірақ мамандар мұндай көрсеткіш қорқыныш туғызбауы керек, керісінше ерте анықталған ауруды емдеудің мүмкіндігі мол дейді.

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай бас қосқан мамандар, елімізде бүгіннен бастап ауруды ерте анықтау және оның алдын алу жөнінде онкүндік басталғанын жариялады. Жиында науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қатысты өзекті мәселе де көтерілді. Дәрігерлер қатерлі ісіктің жас талғамайтынына көз жеткіздік дейді. Сондықтан, биылдан бастап, әсіресе 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер скринигтік тексеруден өткізіледі.

Ә.Мырзатайұлы, Самат Қалекенов "Ақтөбе" телеарнасы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
18:15, 13 қараша 2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...