ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

2019 жылға дейін облыстың барлық елді мекендерінде медициналық пункттер салынады

19:49, 10 қаңтар 2017

Осы және өңір тұрғындарына медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапалы көрсетілуі, дәрі-дәрмек бағасының мониторингі туралы мәселелер өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында талқыланды.

Бүгінде облыс аумағында дәрі-дәрмек сату ісімен 455 медициналық мекеме айналысады. Қазіргі күні шалғай елдімекен тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтылуы 83 пайызды құрайды, Бұл ең өзекті проблема болып отыр. 2016 жылдың сәуір айында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтика құрылымдары арасында дәрі-дәрмек бағасын өсірмеу туралы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Маңызды құжатқа сәйкес, 106 дәрінің бағасы үнемі бақылауда. Мониторинг нәтижесінде 66 дәрінің бағасы төмен, 28-і белгіленген бағаға сай келді, 12 препарат дәріханаларда болмай шыққан. Облыс әкімі жауаптылардан медициналық қызмет сапасына мән беруді талап етті.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ҚАЙРАТ  САБЫР, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев тұрғындарға берген уәдеде тұрып, 2019 жылға дейін облыстың барлық елді мекендерінде медициналық пункттер салынып болуы қажет деп тапсырды. 

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс аудандарында дәріханалары жоқ елді мекендер бар. Оларға дәрі-дәрмек жеткізіп беру әлі күнге дейін өзекті мәселе ретінде шешілмей отыр.

Өңір басшысы медицина қызметкерлерінің әдебіне, науқастармен қарым-қатынас мәдениетіне жете тоқталды. Дәрігер мәдениеті біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыда тұрғындардан түскен арыз-шағымдар әр қайсысы жеке қаралып, мониторинг жүргізілуі тиіс. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...