ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Академик Ж.Досқалиев туған жерінде үш күрделі операция жасады

18:45, 25 қыркүйек 2017

Ақтөбеде қыркүйектің 28-29 күндері өтеді деп жоспарланған жерлестер форумына қонақтардың алды келе бастады. Академик, республикалық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев бүгін туған жері Алғада болып, үш күрделі операция жасады. Аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді.

"Туған жер" форумына келген академик Жақсылық Досқалиев бастаған дәрігерлер тобы, операцияға ертемен кірісті. Дәрігерлердің айтуынша, үш адамның өт қабын алып тастау бойынша ота бұған дейін жоспарланған. Оның екеуі тек түске дейінгі уақытта аяқталды. Жақсылық Досқалиев, Алғадан өзге, Ақтөбеде де бірнеше күрделі операция жасамақ.   

ЖАҚСЫЛЫҚ ДОСҚАЛИЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АКАДЕМИК

Жақсылық Досқалиев - Алға ауданының тумасы. Алғашқы еңбек жолын да осындағы ауруханада хирург болып бастады. Отандық медицинаның дамуына үлес қосқан танымал дәрігер туған өлкесіне келіп,  мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісті. Саладағы тың жаңалықтарды жеткізді. 

МАҚСАТ ҚАПАШЕВ, АЛҒА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Ақтөбеде өтетін жерлестер форумына еліміздің әр түкпірінен және алыс-жақын шет мемлекеттерден 300-ден астам адам келді. Олардың арасында, медицина саласының ондаған білікті маманы бар. Олардың бірі - Алға ауданында дүниеге келген дәрігер, көзмикрохирургі Мәдина Құралова. Ол да осында бірнеше ота жасамақ ниетте. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...