ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

Алғаш рет сүт безі ісігі ауруына шалдыққандарға сәтті ота жасалды

20:10, 17 мамыр 2017

Ақтөбеде алғаш рет сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға күрделі операция жасалды. Қазір үш науқастың да жағдайы жақсы. Операция Қазақ онкология және ғылыми-зерттеу институтының мамандарының көмегімен жүргізілді.

Бұрын-соңды сүт безі қатерлі ісігі ауруының күрделі операциясы Ақтөбеде жасалмапты. Тек жергілікті дәрігерлер науқастың сүт безін толығымен алып тастауға қауқарлы болған. Мәселен, төрт жыл бұрын ота жасатқан ақтөбелік азаматшаға жасанды сүт безі салынды. Қалған екі науқас та мамандардың көмегімен бұл аурудан емделді. Ота кезінде қолданылатын импланттардың сапасына дәрігерлер жоғары баға беріп отыр. Бастысы операциялар - тегін.

ШЫНАР ТАЛАЕВА, ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТЫНЫҢ МАММОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Білікті маммологтар акция аясында емдеу ісіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді ақтөбелік дәрігерлерге үйретті. Тұрғындарды қабылдады. Ғылыми-зерттеу институтының мамандарының айтуынша, Ақтөбеде жатыр мойыны мен сүт безі қатерлі ісігінің көрсеткіші жоғары.

ИРИНА ГОРДЫШЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Ақтөбе облысында сүт безі қатерлі ісігі ауруы - екінші орында. Осы жылдың соңғы 4 айын алып қарайтын болсақ, 58 әйел ауруға шалдықты. 20 адам қайтыс болды. Ал ауруға шалдығып, бес жыл бойы ем қабылдағаннан кейін өлім көрсеткіші 55-58 пайызды құрап отыр. 

Еліміз бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында қазір ауру өршіп тұр. Ал оңтүстікқазақстандық әйелдердің аты жаман ауруға шалдығуы өте сирек. Себебі, бала туу, салауатты өмір салтын жүргізу, дұрыс тамақтану жағын олар сақтап отыр.

Гүлбада Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Шетелдік дәрігерлер күрделі оталарды тегін жасады
19:07, 4 қазан 2017
Шетелдік дәрігерлер күрделі оталарды тегін жасады
Толығырақ...
Академик Ж.Досқалиев туған жерінде үш күрделі операция жасады
18:45, 25 қыркүйек 2017
Академик Ж.Досқалиев туған жерінде үш күрделі операция жасад...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...