ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Болашақ дәрігерлер жұмысқа жолдама алды

18:33, 4 мамыр 2017

Ақтөбе облысына 90 дәрігер керек. Марат Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің биыл бітіретін студенттер бүгін жұмысқа жолдама алды. Дипломмен ауылға баратын жастарға бір реттік көтерме ақы мен баспана беріледі.

Еліміздің батыс аймағындағы дәрігер мамандарды даярлайтын ең ірі оқу орынын биыл 88 хирург, 36 терапевт, 88 стамотолог және жалпы медицина бойынша 314 дәрігер тәмамдайды. Резидентура түлектері де өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Биыл олардың 70-ін тұрақты жұмысқа орналастыру көзделген. Сондай-ақ 26 магистрант пен 4 доктарант еңбек жолдамасын алды. 

ГҮЛБАРШЫН ЕСЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ¤

Болашақта ауылдық жерде жұмыс жасауға дайын жас мамандар мемлекет тарапынан жастарға беріліп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалану керек дейді.

БЕКЗАТ МӘЛІКОВ, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ СТУДЕНТІ

Бүгінде дәрігер мамандар тапшы аудандар қатарында Мұғалжар көш бастап тұр. Онда 16 маманға сұраныс бар. Сондай-ақ Хромтау, Алға және Шалқар аудандарына анестезиолог, хирург мамандар керек. 

БЕРІК ЖАРЖАНОВ,ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Соңғы үш жылда интернатураны аяқтаған 1030 түлектің 966-сы жұмысқа орналасқан. Бұл ауыл-аймақта маман тапшылығын жоюға бағытталған бағдарламалардың арқасында мүмкін болып отыр. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...