Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

"Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы". Осындай атаумен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел өтті.

19:49, 17 мамыр 2017   76

Елбасы мақаласы аясында ұйымдастырылған шарада салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық сақтау жолдары студенттерге түсіндірілді. Дөңгелек үстелде облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті мен туберкулезге қарсы диспансердің мамандары тақырып аясында дәрістер оқыды. Олар, мұндай шараларды оқу орындарында ай сайын өткізіп жүр.

АЛТЫНШАШ  АЙТПАҒАМБЕТОВА, ДӘРІГЕР-ФТИЗИАТР

- Әр ай сайын барлық университеттерде, колледждерде, мектептерде акция өткіземіз. Өскелең ұрпаққа туберкулезден қорғану жолдарын айтып түсіндіреміз. Алдын алу жұмыстары үшін мұндай кездесулер ұйымдастыру өте маңызды. 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44