ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Депутаттар емханалардағы дәрігерге кіру кезегін бақылады

16:34, 11 сәуір 2017

"Нұр отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері мен халық қалаулылары қаладағы №1 амбулаториялық емханада кезекте тұрған науқастармен кездесті.

Тұрғындармен сұхбаттасу барысында жұмыс тобы  медициналық-санитарлық  көмектің сапасын қарап, дәрігерлерге кіру кезегін де бақылады. Әсіресе диспансерлік есепте тұрған науқастармен жүргізілетін жұмыстарға баса назар аударды. Ал жұмыс тобының құрамында болған жасотандықтар емделушілердің емхана қызметіне деген пікірлерін анықтау үшін сауалнамалар жүргізді.  Халықпен тілдескен депутаттардың айтуларынша, тұрғындар дәрігер кезегін көп күтеді.  Бұл – қазір барлық емхағана тән ортақ мәселе. Мысалы, №1 емхана 85 мың адамға қызмет көрсетеді. Ғимарат орналасқан ауданда халық көп шоғырланған.  Жұмыс тобының да мақсаты сол - медициналық көмек берудегі   осындай мәселелерді шешудің жолын қарастыру.

НҰРХАН АҚНИЯЗОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...