ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Шетелдік дәрігерлер күрделі оталарды тегін жасады

19:07, 4 қазан 2017

Ақтөбеде шетелдің үздік дәрігерлері шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Олар Марат Оспанов атындағы медицина университетінің 60 жылдығына арналған халықаралық конференцияда инновациялық технологияларды енгізу бойынша тәжірибелерімен бөліспек. Бұл университеттің әр жылдары бітірген түлектері мен серіктестерінің мерейтойға арнаған тартуы.

Асқазан ішек жолдарының қатерлі ісігіне жасалатын отаны үйрену үшін медициналық орталыққа мамандар түгел жиналды. Ақтөбеден шыққан Сергей Байдо Полтавада білім алды. Бүгінде әлемге танымал хирургтардың бірі. Киевтегі онкологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары. Ол туған жеріне келіп, эндовидео лапароскопиялық құрылғының көмегімен бірнеше ота жасады.

СЕРГЕЙ  БАЙДО, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ (УКРАИНА)

- Онкологиялық ауруларға лапароскопиялық құрылғымен ота жасау -  оңай әдіс. Ең алғашқы шеберлік класым мұнда бір жыл бұрын өткен еді. Орталықтың техникалық базасы талапқа сай. Ал, дәрігерлер үнемі білімдерін жетілдіріп отыруы қажет. Өйткені, хирургия оңай сала емес

Жергілікті хиругтардың айтуынша, медициналық орталықта жыл сайын қатерлі ісік аурулары бойынша мың жарымға жуық операция жасалады. Тек, Ақтөбеден ғана емес, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан науқастар келіп, емделеді. Мұндай оталарды ақтөбелік дәрігерлер лазерлік әдіспен осыдан екі-үш жыл бұрын жасап бастады. Енді олар жаңа технологияларды енгізу жөнінде шетелдік әріптестерінен тәжірибе алмақ. 

Ақтөбеде 5-6 қазан күндері "Медициналық білім мен ғылымдағы интеграция, серіктестік және инновация" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған Израиль, Ресей, Украина, Қырғызстан және Литвадан келген үздік дәрігерлер қатысады. Конференция аясында 50-ден аса шеберлік класы өтіп, тегін операция жасалады. Медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын 120 баяндама оқылады. Олардың арасында отандық профессорлар Серік Ақшолақов пен Жақсылық Досқалиев те бар.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...